Астанадағы әлем чемпионаты: "классик" Исхар Курбаев жартылай финалға өтті

Астанадағы әлем чемпионаты: "классик" Исхар Курбаев жартылай финалға өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2026 17:26 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуан Исхар Курбаев Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандық спортшы 55 келіге дейінгі салмақта молдовалық Артем Делеанумен күресті.

Кездесуде Исхар Курбаев 5:1 есебімен жеңіске жетті. Енді ол финалға шығу үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, бұған дейін Айдос Сұлтанғали (60 келі) жартылай финалға өткен еді.

Жартылай финалдық белдесулер бүгін, 24 қазанда Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: