«Чикаго» – «Миннесота»: хоккейшілер бір уақытта екі рет төбелес ұйымдастырды

Сурет: pixabay
"Чикаго Блэкхоукс" пен "Миннесота Уайлд" командаларының төрт хоккейшісі мұз айдыннан бес минутқа кетуге мәжбүр болды, төбелескендердің біріне 10 минуттық тәртіптік айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz

"Чикаго Блэкхоукс" пен "Миннесота Уайлд" командалары Ұлттық хоккей лигасы аясында өткен матчта екі рет төбелесіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кезеңнің ортасында Чикаго қорғаушысы Райли Стиллман мен Миннесота шабуылшысы Брэндон Дюхайм жаға ұстасты. Бұл қақтығыста Стиллман басымдық танытты.

Олармен қатар Чикаго шабуылшысы Маккензи Энтвистл мен Миннесота шабуылшысы Коннор Дьюар да өзара мәселені анықтап алуды жөн деп тапты. Бұл ретте жеңіс Миннесота хоккейшісінің еншісіне тиесілі болды.

Осылайша төртеуі де бес минутқа мұз айдыннан кетті, ал Энтвистлге тағы 10 минуттық тәртіптік айыппұл салынды.

Матч Миннесота пайдасына 5:1 есебімен аяқталды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды