Мерей Мәулитқанов грек-рим күресінен әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Мерей Мәулитқанов грек-рим күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жерлесіміз 77 келіге дейінгі салмақта Стоян Кубатовпен (Болгария) күресті.
Болгариялық балуан белдесудің қорытындысы бойынша 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Мерей Мәулитқанов болгариялық балуан финалға шыққан жағдайда жұбаныш белдесуін өткізеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript