Риа Новости таратқан ақпаратқа сәйкес Олимпиаданың негізгі бес фактісі мынадай:
▪ 15 спорт түрінен 109 жүлде жинағы ойнатылады: биатлон, бобслей, тау шаңғысы, керлинг, конькимен жүгіру, скандинавиялық комбинация, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, скелетон, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шорт-трек.
▪ Жаңа 7 жарыс түрі болады: аралас эстафета (коньки тебу), әйелдер монобобы (бобслей), командалық микст (акробатика, фристайл), биг-эйр (фристайл), аралас эстафета (шорт-трек), командалық микст (шаңғымен трамплиннен секіру), командалық сноуборд кросс.
▪ Ойындар 3 кластер бойынша өтеді: Пекинде (мұздағы спорт түрлері), Яньцинде (тау шаңғысы, бобслей, скелетон және шаңғы спорты) ал Чжанцзякоуда (шаңғы жарысы, биатлон, сноуборд, шаңғымен секіру, фристайл).
▪ Олимпиаданың тұмары - панда Бинг Дундун. Аудармада «бин» мұз, тазалық пен күшті, ал «дундун» – сау, күшті, көңілді дегенді білдіреді.
▪ Бейжің – 2008 жылғы жазғы ойындардан кейін қысқы Олимпиада ойындарын өткізген тарихтағы бірінші қала.
Новость по теме