Әділ Ғалиахметов: Менің барлық қарсыластарым атақты спортшылар болды

Сурет: ҚР ҰОК/Владислав Семенов
Шорт-тректен 1500 метр қашықтықта финалда өнер көрсеткен қазақстандық Әділ Ғалиахметов журналистерге сұхбат берді. Спортшы мәре сызығын сегізінші болып қиды, деп хабарлайды Zakon.kz

Әділ Ғалиахметов сегізінші орын өзі үшін жоғары нәтиже екенін атап өтті.

Финалға шыққаныма өте қуаныштымын, өйткені бұл менің мансабымдағы алғашқы Олимпиада және бірден финалға шықтым. Олимпиададан кейінгі келесі жарыстарда үнемі жоғары нәтиже көрсетемін деп ойлаймын. Мен үшін бұл үлкен жетістік, өйткені осы маусымда әлем Кубогының финалында өнер көрсеттім, енді Олимпиаданың ақтық сынында бағымды сынауға мүмкіндік алдым. Әділ Ғалиахметов

Қазақстандықтың барлық қарсыластары - шорт-тректің жарық жұлдыздары.

Барлық қарсыластарым атақты, Семен Елистратов - менің кумирімнің бірі әрі мен мансабымды енді ғана бастап жатырмын, осындай адамдармен жарысқа түсіп, жаттығамын деп еш ойламадым. Барлық қарсыластарым атақты әрі өте тәжірибелі. Бұл Олимпиадада біз финалға өту бойынша жақсы тәжірибе жинақтадық, бұл менің ғана емес, жаттықтырушыларымның да еңбегі. Жаттықтырушылар штабына және докторларға, психологтарға үлкен рахмет айтамын. Әділ Ғалиахметов
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді