Конькиші Денис Кузин: Бұл менің ең соңғы жарысым

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық конькиші Денис Кузин Бейжің Олимпиадасында 1000 метрге жүгіруден сынға түсіп, осы жарыспен бірге спорттық мансабын да аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Olympic.kz таратқан мәліметке сай, спортшы мансабындағы соңғы жарысы туралы айтып берді.

«Жарысқа қатысты ешқандай пікір айта алмаймын. Тек Қазақстан халқынан достарым мен таныстарымнан, бүгін маған жанкүйер болған жандардан кешірім сұраймын. Бүгінгі жарыста не болғанын, неліктен мұндай нәтиже көрсеткенімді білмеймін. Ештеңемен ақтала алмаймын. Тек өте нашар өнер көрсеткенімді білемін. Әсіресе өз мансабымдағы ең соңғы бәсекеде.

Негізі, қысқа қашықтықтар бойынша өтетін әлем біріншілігінде аяқтасам деп ойлағанмын. Бірақ өзімнің бүгінгі нәтижемнен соң спорттағы ғұмырыма нүкте қоямын деп шештім. Әрі қарай не боларын ойлау қиын. Алдағы мүмкіндіктерімді байқау керек. Қорқынышты. Спортқа 23 жылымды бердім, қолымнан келері де аз. Алдағы уақытта көреміз бәрін», - деді Кузин.

Айта кетелік, Бейжің ойындарын Кузин қатысып отырған төртінші Олимпиада.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі