Елордада жүлде қоры 60 мың доллар болатын теннистен халықаралық жарыс өтіп жатыр

Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Елорданың Ұлттық теннис орталығында жүлде қоры 60 мың доллар болатын ITF сериясындағы әйелдер арасындағы турнирдің ширек финалдық ойындары өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан Forte 60 Womens ITF турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге ширек финалда өзбекстандықтар Нигина Абдураимова – Ақгүл Аманмұрадовамен шеберлік байқасты. Тартысты бәсекеде өзбекстандық жұп 7:6 (9:7), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша өз елімізде өтіп жатқан жарыста Қазақстаннан ешкім қалмады.

Ертең жекелей сында ширек финалда Ева Лис (Германия) – Анастасия Захарова (Ресей), Грета Миннен (Белгия) – Валерия Савиных (Ресей), Куруми Нара (Жапония) – Анжелика Исаева (Ресей), Ясалин Бонавентура (Бельгия) – Алена Большова (Испания) кортқа шығады.

Жұптық сында Н.Абдураимова – А.Аманмұрадова чехиялық Анна Сискова – ресейлік Мария Тимофеева, Я.Бонавентура – украиналық Валерия Страхова ресейлік Екатерина Макарова – чехиялық Линда Носкова жұбымен финалға берілетін жолдаманы сарапқа салады.

ITF W60 халықаралық турнирінің матчтарын Bee TV-ның спорт бөлімінде Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты