Дмитрий Морозов көпсайыстан әлем чемпионатында 500 метрге жүгіруде бірінші келді

Сурет: olympic.kz
Хамар (Норвегия) осы күндері конькимен жүгіруден әлем чемпионатын өткізуде. Спортшылар көпсайыс бойынша сынға түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 наурызда Қазақстаннан 500 метр қашықтықта стартқа Дмитрий Морозов шықты.  Спортшы 36,12 секунд көрсетіп, барлық қатысушылардың көрсеткен нәтижесі бойынша бірінші болды, деп хабарлайды olympic.kz.

Екінші орында жапондық Рику Цутия, үшінші орында норвегиялық конькиші және Олимпиада чемпионы Педер Конгшауг тұрақтады.

Бұл қашықтық көпсайыстың кезеңдерінің бірі екенін қоса кеткен жөн. Морозов жарыс бағдарламасы аясында 5000, 1500 және 10000 метр қашықтықта бақ сынайды, содан кейін оның финалдық орны белгілі болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты