Мексика чемпионатының матчы кезіндегі төбелестен 17 жанкүйер қаза тапты

Сурет: pixabay
Мексикалық жанкүйерлер жергілікті біріншілік матчы кезінде жаппай төбелес шығарды. Жанкүйерлер орындықтармен және темір торлармен төбелесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 6 наурыз, жексенбіге қараған түні болды, деп хабарлады журналист Дэвид Медрано Twitter-де. Ол сондай-ақ 17 адамның қайтыс болғанын жазды.

«Керетаро» өз алаңында 60-минутта 0:1 есебімен жеңіліп жатқанда, трибунада төбелес басталды. «Керетаро» жанкүйерлері алаңға жүгіріп шығып, VAR жабдығын (бейне төрешілерге көмек көрсету жүйесі) қиратты. Атлас жанкүйерлерімен төбелес болды. Төбелесте 17 адам қаза тапты, олардың көпшілігі Атластың жанкүйерлері.

Керетаро штаты полициясының өкілі зардап шеккендердің барлығы ер адамдар екенін айтты. Стадион күзетшілері көрермендерге, соның ішінде әйелдер мен балаларға трибунадан шығуға мүмкіндік беру үшін қосымша есіктер ашты.

Бұған дейін Керетаро штатының полициясы 22 адам жараланып, екеуі ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

Мексика чемпионатының «Керетаро» - «Атлас» кездесуі қауіпсіздікке байланысты қайта жалғасқан жоқ. Кездесу басқа күнге ауыстырылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды