Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында алты алтын медаль жеңіп алды

Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Иорданияның Амман қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі болып жатыр. Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде 4 спортшымыз, сонымен қатар қыздар арасындағы сында 2 спортшымыз чемпион болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, сонымен қатар Қазақстан командасының еншісінде ерлерден 5 қола, қыздардан 5 қола жүлде бар.

Ерлер арасындағы финалдық кезең нәтижесі:

Айдар Қадырхан (52 келі) - Суннатилла Өктамәлиев (Өзбекстан) - 5:0.

Төрехан Сабырхан (57 келі) - Фаррух Тулағанов (Өзбекстан) – екінші раундта техникалық жеңіс

Ахмет Үсен (63 келі) - Қожаакбар Кудратов (Өзбекстан) - 5:0.

Санжар-Әли Бегалиев (66 келі) - Алиреза Моусави (Иран) – үшінші раундта техникалық жеңіс

Мұхаммед-Әли Жанболат (75 келі) - Темурбек Абдувахобов (Өзбекстан) - 0:5.

Аслан Елдібайұлы (+80 келі) - Озод Бекалиев (Өзбекстан) - 0:5.

Қыздар арасындағы финалдық жекпе-жек нәтижесі:

Карина Тоқыбай (50 келі) - Вини (Үндістан) - 0:5.

Ұлдана Таубай (60 келі) - Никита Чанд (Үндістан) – үшінші раундта техникалық жеңіліс

Нұрсұлу Сүйенәлі (63 кеі) - Шрушти Сачин Сате (Үндістан) – екінші раундта техникалық жеңіліс

Аружан Жанғабаева (66 келі) - Нуха Ал-Зоуби (Иордания) – бірінші раундта техникалық жеңіс

Роксолана Валиева (70 келі) - Ойша Тоирова (Өзбекстан) – екінші раундта техникалық жеңіліс

Шұғыла Нәлібай (75 келі) - Рудрика (Үндістан) - 0:5.

Құралай Егінбайқызы (80 келі) - Хуши Пуния (Үндістан) - 4:1.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады