Суға жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасы: Анатолий Руденконың финалдағы нәтижесі белгілі болды

Суға жүзу, Сенегал, жасөспірімдер, Олимпиада, Анатолий Руденко, финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 21:48 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында 50 метрге брасс әдісімен жүзуден финалда бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасының өкілі қашықтықты 28,85 секундта жүзіп өтіп, сегіз спортшының арасында жетінші орынға ие болды.

Қытай спортшысы Се Ичэнь жеңімпаз атанды. Ол 28,13 секундта мәреге жетті. Екінші орынды жапониялық Иори Миядзаки (28,42) иеленсе, үздік үштікті Беларусь өкілі Максим Машлякевич (28,46) түйіндеді.

Бұған дейін отандасымыз 100 метрге брасс әдісімен жүзуден шешуші кезеңге жолдама алған болатын. Финалда Руденко қашықтықты 1 минут 3,33 секундта жүзіп өтіп, алтыншы орынға тұрақтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: