Куба 60 жылдан кейін кәсіпқой бокстан шектеуді алып тастады

Сурет: pixabay
Кубаның бокс федерациясы 1962 жылы қойылған кәсіпқой бокстан шектеуді алып тастады, деп жазады Zakon.kz.

Шектеу Golden Ring промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойылғаннан кейін алынды.

Бұл компанияны 20 мамыр күні Агуаскальентес қаласында жекпе-жек өткізеді. Ал кездесулер бүкіл Латын Америкасы елдерінде тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған кеште Кубадан шыққан Олимпиаданың жеңімпаздары Хулио Сесар ла Крус, Арлен Лопес, Роньель Иглесиас және Энди Крус өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Кубада 1962 жылы кәсіпқой боксқа тыйым салынған болатын.

Сол кезде елдің басшысы Фидель Кастро кәсіпқой боксты параға батқан спорт ретінде таныған. Бірақ Кубада әуесқой бокс қатты дамып, талай Олимпиаданың чемпионы шықты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз