«Естен кетпес сапар болды»: Головкин жанкүйерлеріне алғыс айтты

Сурет: instagram/gggboxing
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Спортшы Instagram парақшасына видео жариялады. Видеодан GGG-дің Муратамен жекпе-жекке дайындалып жатқанын және жекпе-жектің өзін көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 сәуірде Головкин Риота Муратаны тоғызыншы раундта нокаутқа түсіріп, үш титул үшін жекпе-жекте жеңіске жетті. Ол IBF және IBO титулдарын қорғап, орта салмақтағы WBA Super белбеуін жеңіп алды.

Бұл – естен кетпес ерекше сапар болды. Жапонияға, қонақжай жапон халқына, олардың бізге танытқан ыстық ықыласына алғысым ерекше. Күн Шығыс еліне тағы да ораламын деп ойлаймын. Барлық жанкүйерлеріме шексіз ризашылығымды білдіремін. Көріскенше!Геннадий Головкин

Геннадий Головкинге жанкүйерлері де алғыс айтып, жылы лебізін білдіріп жатыр:

Головкин Геннадий

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды