Бублик Монте-Карло мастерс турнирінде матч ортасында ойыннан бас тартты

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Монакодағы Монте-Карло мастерс турнирінің екінші айналымда ең мықты испан теннисшілерінің бірі Пабло Каррено Бустадан ұтылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Бубликтің қарсыласы әлемдік рейтингтің топ-20 үздіктері қатарына енеді. Испандықтың атақ-беделіне, оның рейтингтегі орнына қарамастан, қазақстандық теннисші қарсыласына мықты тойтарыс бере алды, тіпті жеңіске де бір табан жақын болды. 6:4, 5:4 есебінде Александрда үлкен мүмкіндік болды, бірақ ол екінші партияда екі рет қатарынан болмайтын қателіктер жіберіп алды.

Үшінші сетте, жетінші геймде, испан теннисшісінің пайдасына 4:3 есебі саналған кезде Бублик белгісіз себептермен ойынды ары қарай жалғастырудан бас тартты. Нәтижесінде Пабло Каррено Буста келесі кезеңге өтті.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады