Үстел теннисі бойынша әлемдік рейтингте қазақстандық рекордтық «секіріс» жасады

Сурет: olympic.kz
Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілдері аталған тізімде өз позицияларын жақсартты.

Сонымен, Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко 26-шы (бұрын 37-ші орынды иеленген) орынға көтерілсе, Айдос Кенжеғұлов – 249-шы (358), Зәуреш Акашева – 118-ші (151), Айя Әлімбаева – 221-ші (536), Сарвиноз Мірқадырова – 237-ші (647) болды.

Ал Алан Құрманғалиев рекордтық көрсеткішті көрсетті. Ол 1269-шы орыннан бірден 298-ші орынға бір-ақ көтерілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды