Бразилияда өтіп жатқан Сурдлимпиада-2022 ойындарында Қазақстан екінші алтынға ие болды

Сурет: Instagram/committee_sport
Сурдлимпиада-2022 ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны жоғары стандартты тағы бір медальмен толықты. Грек-рим стиліндегі палуан Хайратхаан Шоңқу алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

130 келі салмақта өнер көрсеткен Хайратхаан Шоңқуға тең келер ешкім болмай, ол жеңіс тұғырының жоғарғы сатысына көтерілді. Финалдық белдесуде қазақ балуаны түрік спортшысы Мехмет Юсалды айқын басымдықпен жеңді.

Сонымен қатар тағы үш қазақ палуаны медальмен марапатталды. 97 келі салмақта Асылан Тәжиев күміс жүлдені жеңіп алды. Ал Нұржан Асан (77 келі) пен Алдияр Балташев (60 келі) қола медальды еншіледі.

Сурет: instagram/committee_sport

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды