ӘЧ-2023: Қазақстан баскетболшылары іріктеу турнирінің бірінші кезеңін сәтті аяқтады

Сурет: nbf.kz
Баскетболдан Қазақстанның ерлер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің бірінші айналымын мерзімінен бұрын түйіндеді. 1 шілдеде қазақстандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы кездесуде Иран құрамасын ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл D тобындағы бірінші орынды анықтайтын шешуші кездесу болды. Сондықтан жеңіске жеткен жағдайда қазақстандықтар біліктілік турнирінің екінші кезеңіне мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндікке ие еді.

Айта кетсек, Ирандағы алғашқы ойында қазақстандықтар төрт ұпаймен жеңіске жетті – 73:69.

Осы жетістік тағы қайталанды. Қазақстандық баскетболшылар тағы да ирандықтарды ұтып кетті. Есеп - 68:60. Осылайша Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орынды иеленіп, ең көп ұпай санымен мерзімінен бұрын екінші айналымға өтуге тамаша мүмкіндікке ие болып отыр. Ол үшін бірінші раундтың соңғы ойынында Бахрейнді ұтуымыз керек.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді