Стадиондағы айқай-шу: «Атырау» ФК жанкүйерлері легионерлерді кетіруді талап етті

Сурет: pexels
22 шілде күні «Атырау» футбол командасы «Ордабасымен» кездесуде ойсырай ұтылды. Осыған байланысты футбол жанкүйерлері жергілікті командаға наразылық білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз бюджеттен бөлінген қаражаттың бұлайша желге ұшқанын қаламаймыз. Жергілікті команда неге жеңіле береді? Бұлай жалғаса берсе, футбол клубы легионерлерден «тазартылғанын» талап етеміз. Легионерлердің орнына жергілікті жас футболшылар ойнасын. Олар әрине, жеңіске жету үшін барын салады. Тәжірибе жинайды. Біздің легионерлерден құралған команда емес, өз футбол клубымыз болуы керек, - деп ҚазАқпарат наразылық білдірген футбол клубының жанкүйерлерінің сөзін келтіреді.

«Атырау» футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко «Ордабасы» командасымен өткен матчқа қатысты пікірін білдірді.

Бұл ойын біз ойлағандай нәтижелі болмады. Өз алаңымызда 1:4 есебімен ұтылдық. Команданың футболшылары мен жаттықтырушылар штабына ойлану керек шығар. Мұндай нәтижесіз ойын үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мен команда футболшыларына олардан не күтетінімді, қалай ойнау қажеттігін жеткізе алмадым. Команда ойыншыларында көшбасшылық қасиет жетіспеді. Алаңда жеңіске жетуге деген ынтаны көрмедім. Футболды дәл осылай ойнамайды. Константин Горовенко

Айта кетсек, футболдан Қазақстан кубогында «Атырау» «Ордабасыдан» ойсырай жеңілгені хабарланған едік.

Шымкент
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады