Анна Данилина АҚШ-тың Ашық чемпионатында үшінші айналымға шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Анна Данилина жұптық сында топ жарып, US Open-2022 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 8-ракеткалары болып тіркелген Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге екінші айналымда испаниялық Алена Большова - норвегиялық Ульрикке Эйкеримен кездесті. 

Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Олар 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. 

Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя ширек финалға шығу үшін доданың 10-ракеткалары, америкалық Николь Меличар-Мартинес - аустралиялық Эллен Переспен кездеседі.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады