Головкин Канеломен кездесуге қымбат кабриолет мініп барды

Сурет: Instagram/gggboxcing
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (57-2-2, 39 КО) 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін 3-жекпе-жегінің алдындағы салтанатты "көз дуэлі рәсіміне" қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жағдайды Геннадий Головкин Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Сәл қалды. Жекпе-жек апталығы бүгін ресми түрде басталды. Дайынбыз, – деп жазды даңқты боксшы.

Боксшылар мереке өтетін жерге түрлі көлік мініп келді. Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері айырмашылықты бірден байқады.

Қазақстандық ұрыс алаңына әйгілі неміс өндірушісінің қымбат классикалық спорттық көлігін мініп келді.

GGG өз жанкүйерлері мен бокс әлеміне оның жасы кедергі емес екенін, бұрынғыдай жылдам әрі екенін дәлелдегендей болды.

Өз кезегінде мексикалық Сауль Альварес командасымен лимузин мініп келді.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді. Қазақстан уақтымен жекпе-жек 18 қыркүйек күні таңертең болады. Жекпе-жектің басталуы шамамен Нұр-Сұлтан уақытымен 8:00-ге жоспарланған.

АҚШ
Қазақстан
Головкин Геннадий

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді