Жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мансабын аяқтады

Сурет: Instagram/committee_sport
2016 жылғы Жазғы ойындардың алтын жүлдегері, 27 жастағы қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин спорттық мансабын тастап, жаттықтыруға ауысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР БҒМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы Самат Ерғалиев жүзуден Қазақстан құрамасының бас бапкері Илья Гусаков пен Дмитрий Баландинмен кездесуінен кейін хабарлады.

Олимпиаданы бағындырған спортшылар бұл бағыттан алшақ кетпей, ел спортының дамуына үлес қосуы керек. Сіздің жаттықтырушы болуға ұмтылуыңыз Қазақстан спортының сіз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді деп ойлаймын. Біз өз тарапымыздан сізді қолдауға дайынбыз.Самат Ерғалиев

Дмитрий Баландин – 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, Азия ойындарының 3 дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиаданың жеңімпазы. Ол – 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Қазақстанның рекордсмені, жүзуден Олимпиада "алтынын" жеңіп алған тарихтағы тұңғыш қазақстандық.

10 қыркүйекте Дмитрий Баландиннің үйленгені белгілі болды. Оның жұбайы синхронды жүзуден 2014 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері – Кристина Тыныбаева.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі