Чехия командасымен болған ойында Роналдудың мұрны бұзылды

Сурет: Intsagram/cristiano
Прагада Ұлттар Лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында Чехия өз алаңында Португалияны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чехия құрамасымен кездесуі кезінде Криштиану Роналду мұрнын бұзып алды, деп хабарлайды Sports.ru.

Бірінші таймның 20-сыншы минутында 37 жастағы шабуылдаушы қақпашы Томаш Вацликпен соқтығысып, мұрнын бұзды.

Роналдудың мұрнынан қан кетті. Ұлттық құраманың дәрігерлері бірден көмекке жетіп, қанды тоқтатты, футболшының мұрнына жапсырма (пластырь) жабыстырды.

Бұдан кейін Роналду ойынды ары қарай жалғастырды, ал біраз уақыттан кейін ақ халаттылар жапсырманы мүлде алып тастады.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды