IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан алғашқы жүлдесін еншіледі

Сурет: ulttyqatsport.kz
Бүгін тізгін қаққан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржыны алғашқы медальмен толығып үлгерді. Садақшы Қасымхан Қанат дәстүрлі садақ ату жарысында күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәстүрлі садақ ату жарысына әлемнің 32 елінен 135 спортшы қатысты. Ерлер арасында үздік 16 мергеннің тізіміне Қазақстанның үш өкілі енді: Қасымхан Қанат, Әли Сессигузель және Азамат Нұртаев.

Қасымхан Қанат осы ойындар тарихында тұңғыш рет әлемнің үздік мергендерімен бәсекелесе отырып, финалға жолдама алды. Соңғы сайыста ол жарыс қожайыны – Оғыз Оқшыға жол беріп қойды. Шешуші кезеңде отандасымыз түрік спортшысынан небәрі екі ұпайға қалыс қалып, күміс медаль жеңіп алды. Бұл марапат - Қазақстан спортшыларының дәстүрлі садақ ату жарысындағы алғашқы жоғары жетістігі.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз