Үстел теннисінен ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Сурет: Instagram/ttfrk
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен команда бойынша әлем чемпионатында Германия мен Франция спортшыларынан жеңілген Қазақстан құрамасы бүгін Өзбекстан өкілдерін ұтып, алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстан теннисшілері қазақстандық үштіктің сенімді ойыны арқасында ойсырай ұтылды: Денис Жолудев, Кирилл Герасименко және Алан Құрманғалиев. Есеп - 3:0.

Денис Жолудев - Абдулазиз Анорбоев– 3:0 (11:6, 11:6, 11:8).

Кирилл Герасименко - Шохрух Искандаров– 3:0 (11:2, 11:6, 11:8).

Алан Құрманғалиев - Эльмурод Холиков– 3:0 (11:5, 11:2, 12:10).

2022 жылғы Әлем чемпионатының үш турынан кейін Қазақстан теннисшілері турнир кестесінде төртінші орынға орнықты. Кестеде Франция, Үндістан және Германия көш бастап тұр.

Қазақстан құрамасы 3 қазанда Үндістан спортшыларымен бақ сынасады.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды