Қазақстан cотталушылары шахматтан әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Сурет: Instagram/kazchess
Қазақстанның түзеу мекемелерінің шахматшылары сотталғандар арасындағы құрлықаралық чемпионатта үздік бес команданың қатарына енді. Жарыстар онлайн форматта өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен Қазақстан шахмат федерациясының көмегімен Қазақстанның сотталған азаматтары шахматтан бас бостандығынан айырылғандар арасындағы әлем чемпионатына қатысты.

Шахмат федерациясының мәліметінше, Қазақстан өкілдері жалпыкомандалық есепте 4-5-орындарға ие болды. Жүлделі орындар Моңғолия (1-орын) және Үндістан (2, 3-орындар – екі команда) шахматшыларына бұйырды.

Федерация ретінде біз үшін әлеуметтік құрамдас бөлігі де өте маңызды. Бұл барлық адамның өмірлік жағдайларға қарамастан осындай ауқымды шараларға қатысуына мүмкіндік береді. Біз үшін сотталғандардың қоғамға одан әрі бейімделуіне өзіндік бағыт-бағдар беру – үлкен әлеуметтік жауапкершілік. Қатысушылардың барлығы осындай жаһандық маңызы бар шараға қатысу мүмкіндігіне ризашылығын білдірді.Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Әнуар Исмағамбетов

Қазақстан атынан 56 қатысушының арасынан онлайн іріктеуден өткен екі команда (сегіз үздік шахматшы) қатысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді