Атыраулық спортшылар Республика күніне орай ұйымдастырылған челленджді қолдады

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атыраулықтар Республика күніне арналған "Қыран елім - Қазақстан!" атты акцияға қатысты. Олар астаналықтардан эстафета қабылдап, "Қазақстан - менің Республикам" деген өледі оқыды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қыран елім - Қазақстаным!" атты республикалық акцияны қолдау мақсатында атыраулық спортшылар Маңғыстау облысының спортшыларына челлендж жолдады. Қазақстан спортшылар әлемнің ең мықты ареналарында кезек-кезек көк туымызды желбірете берсін. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Юсупов

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты - патриоттық сезімдерді нығайту, халықтың бірлігін, онда да спорттық аренада таныту, еліміздің осы саладағы жетістіктерін атап өту, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Патриоттық акцияға кез келген адам қатыса алады. Ол үшін желідегі жеке парақшасында #Республикакүні, #ДеньРеспублики хэштегтерін белгілеп, бейнероликтер жүктесе болғаны.

"Қыран елім - Қазақстан!" атты республикалық акция қазан айының соңына дейін жалғасады.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды