Базелде отандық қос теннисші ATP 500 турнирінің фавориттерін ойсырата ұтты

Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов Базельде (Швейцария) өтіп жатқан ATP 500 сериясы турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Prosports.kz мәліметінше, бірінші айналымдағы кездесуде қазақстандық дуэт Гарри Хелижоваара (Финляндия)/Ллойд Гласспул (Ұлыбритания) жұбын 7-5, 6-4, 10-3 есебімен ұтты.

Матч 1 сағат 24 минутқа созылды. 

Турнирдің жартылай финалына шығу үшін енді Голубев пен Недовесов тағы бір мықты тандеммен – Рафаэль Матоспен (Бразилия, 32 АТР) және Дэвид Вега Эрнандеспен (Испания, 32) бақ сынасады.

Айта кетсек, Қазақстан теннисшілерінің қос қарсыласы да әлемдік жұптық разрядтағы топ-ойыншылар санатына енеді, яғни олар ATP Double-дің алдыңғы қатарлы 20 спортшысы тізіміне кіреді.

Ллойд Гласспул бұл тізімде 19-шы орында, ал Харри Хелижоваара 15-ші орында болып табылады. Бірақ осындай ірі рейтингтік көрсеткіштеріне қарамастан, қазақстандық жұп оларды ұтып кетті.

Еуроодақ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: