Қазақстан спортшысы гір көтеруден әлем чемпионы атанды

Сурет: Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Үндістан елінің Нью-Дели қаласында гір көтеру спортынан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Додаға қатысқан атыраулық спортшы Ришат Галиахметов Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп 95 келі салмақта гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі байрақты жарысқа әлемнің 13 елінен 234 атлет қатысып жатқанын хабарлайды.

Атырау облысынан үш спортшымыз қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде 95 келіде Ришат Галиахметов әлем чемпионы атанса, енді екі спортшымыз Досқали Досқалиев 90 келіде, Алпамыс Айтмуханов 73 келіде бақ сынайтын болады. Аға жаттықтырушы Сергей Гридчин

Бұл спорт түрімен атыраулық спортшылар, соның ішінде Ришат Галиахметов 10 жылдан астам уақыттан бері айналысып келеді. Ол биыл Щучинск қаласында өткен Азия чемпионатында да алтын жүлдеге ие болған еді.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек