Футзалдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы ӘЧ-ның элиталық іріктеу кезеңіне өтті

Сурет: Instagram/kazfutsal
Алматыда футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Черногория құрамасын қабылдап, қарсыласын ірі есеппен - 7:-мен ойсырата ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаң иелері Черногория құрамасын толық құраммен қарсы алған жоқ. Қазақстан құрамасының тең жартысы десе де болады, бұл ойында әртүрлі себепке байланысты төбе көрсетпеді, ұлттық құраманың бас бапкері Рикардо Кака жастарды сынап көріп, қызу додаға салды.

Жастар да бапкерін жер қаратпады, қарсыластарын 7:0 есебімен ұтып, керісінше мәртебесін бір асырды.

Қазақстан құрамасы сапынан Дуглас (2-минут), Әбдірасул Әбдіманапұлы (4-ші), Арнольд Кнауб (15-ші), Альберт Ақбалықов (21-ші), Біржан Оразов (25-ші, 25-ші) және Азат Валиуллин (40-шы) гол соқты.

Осылайша бұл ойында Қазақстан құрамасы тоғыз ұпай жинап, негізгі кезеңнің 5-тобындағы көшбасшылығын нығайтты. Сонымен бірге қазақстандықтар 2024 жылғы Әлем чемпионатына іріктеудің келесі кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған