Nitto ATP Finals 2022: "фантастикалық төрттікті" кім толықтырады

Ерлер арасындағы жылдың басты теннис турнирінің топтық кезеңі аяқталуға жақын қалды, ал демалыс күндері ең талғампаз спорт түрінің жанкүйерлерін жартылай финал мен финал матчтарымен қуантады.

ATP әлемдік рейтингіндегі жұпсыз разрядтағы 8 үздік спортшыны қабылдайтын Турин барлығын құшақ жая қарсы алған жоқ. Мәселен, 22 рет Үлкен Дулыға титулының иегері болған Рафаэль Надаль ойынды Nitto ATP Finals-тегі топтың соңғы қатарында аяқтады. Испандық өзінің мансабының ең қызу уақытында көксеген олжаны жеңіп ала алмады.

Алайда, жартылай финалда ойнайтын екі жас теннисшіге, Норвегиялық Каспер Рудқа және АҚШ-тан Тейлор Фрицке сәтті болды. Американдық Карлос Алькарастың орнын басып, турнирге шақыру алғаннан кейін өзін дәлелдеу және жарыс торында алға жылжу мүмкіндігін пайдалануды шешті.

Қалған орындарға тағы 4 теннисші бағын сынап, шайқасатын болады. Бір қызығы, дәл осы құрамда олар қазан айында Astana Open ATP 500 аясында ойнаған еді.

Даниил Медведев Новак Джоковичті жеңуге тырысады. Алдыңғы кездесуде Медведевке аяғының жарақаты кедергі келтіріп, матч ол үшін техникалық жеңіліспен аяқталды. Джокович болса сапалы теннисті көрсетуде, оған қарап, ол әлемнің барлық олжаларын жеңіп алуға дайын деп айтуға болады.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

Медведевтің жеңісі - 3.55, Джоковичтің жеңісі - 1.32

Маусымның соңында Андрей Рублев қарқын алып, грек теннисшісінен реванш алуды жоспарлап отыр. Циципас соңғы рет 2021 жылы Рублевке жол берген, сондықтан бұл кездесу матч-пойнтқа дейін қарқынды болатынына сенімді бола аласыз.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

Циципастың жеңісі - 1.65, Рублевтің жеңісі - 2.30

Ал Сіз қандай нәтижеге ұтыс тігер едіңіз?

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: