ММА: Отандық актер дебюттік жекпе-жегінде көрермендерге тамаша жеңіс сыйлады

Сурет: Twitter/Асылхан Төлепов
Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 37 турнирінде қазақтың белгілі театр және кино актері Асылхан Төлепов ММА спортынан дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның қарсыласы таеквандодан қара белбеудің иегері әзірбайжандық Махаррам Ахмадов болды (2-1). Көрермендерге "Сартай батыр" атымен танымал актер Әзербайжан өкілін қылқындыру әдісімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz .

Ол бірінші раундта-ақ жеңіске жетіп, көрермендерді таң қалдырды. Өйткені бірінші рет октаганға шығып тұрған одан мұндай нәтижені көбісі күтпеп еді. Басында үздіксіз соққы жасаған Асылхан ақырында қарсыласын қылқындырып, ойынды аяқтауға мәжбүр етті.

Айта кетсек, Асылхан Төлепов көпшілікке "Жау жүрек мың бала" фильмі арқылы жақсы таныс.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?