Футболдан ӘЧ-2022: Алғашқы ойында тарихи оқиға тіркелді

Сурет: Instagram/championsleague
Футболдан әлем чемпионатында бірінші рет пенальтиден бірінші гол соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Opta Sports статистикалық порталына сілтеме жасай отырып, "Чемпионат" ресейлік сайты хабарлады.

Катардағы 2022 жылғы әлем чемпионатының алғашқы голын эквадорлық форвард Энвер Валенсия соқты. Бірінші таймда ол Қатар командасының қақпасына үш рет гол соқты, бірақ біріншісі есептелмеді. Одан кейін Валенсия пенальтиден гол соқты, көп ұзамай екінші допты басымен соғып, қақпаға кіргізді.

1930 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлем чемпионатының ешқайсысында пенальтиден алғашқы гол соғылған ойын болған емес. Барлық алғашқы доп тек ойын барысында соғылған.

20 қарашада Қатардың әл-Хаур қаласындағы "Әл-Байт" стадионында Футболдан XXII әлем чемпионаты басталды . Турнирдің ашылу матчында Қатар мен Эквадор құрамалары өнер көрсетіп жатыр. Әзірге, эквадорлықтар 2: 0 есебімен алда келеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды