Футболдан ӘЧ-2022: Гана құрамасы Оңтүстік Кореяны ұтып кетті

Сурет: twitter/fifaworldcup
Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Оңтүстік Корея мен Гана құрамалары өзара бақ сынады. 3:2 нәтижесі бойынша африкалықтар осы чемпионаттағы бірінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Саутгемптон" ағылшын командасының орталық қорғаушысы Мохамед Салисудың дәл соққан добының арқасында Гана құрамасы бірінші болып есеп ашты. Біраз уақыттан кейін "Аякстың" жартылай қорғаушысы Мұхаммед Кудус өз командасының артықшылығын екі есеге арттырды. Осындай нәтижемен бірінші тайм аяқталды.

Алайда, екінші таймда корейлер алаңға тас-түйін көңіл-күймен шықты, оны үш минут ішінде екі допты жіберіп алған Гана футболшылары бірден сезді.

Оңтүстік Кореяның ең мықты шабуылшыларының бірі Чхо Кю Сун Гана қақпасына екі рет гол соқты – 2:2. Осылайша корейлер біраз сабасына түскендей болды әрі қорғаныстағы қателігі үшін де жазаланып үлгерді. Тағы да бәз-баяғы Кудус ерекше көзге түсіп, африкалықтарға аса зәру жеңісті жұлып әперді. Есеп - 3:2.

Н кіші тобының тағы бір кездесуі 29 қарашаға қараған түні - сағат 01:00-де "Лусаил" стадионының алаңына Португалия мен Уругвай құрамалары арасында өтеді.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді