Қазақстандық жұп ITF Women халықаралық турнирінің басты жүлдесіне таласады

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның спортшы қыздары - Аружан Сағандықова мен Жанель Рүстемова Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалға шығу жолында қазақстандықтар осы жарыстың фавориттерінің бірін, осы турнирде екінші болып келе жатқан жұп Алиша Риэр (Англия) мен Камила Ромероны (Эквадор) ұтты. Ойын 1 сағат 34 минутқа созылды. Есеп: 6:4, 6:4 - басымдық біздің қыздардың еншісінде.

Енді 18 жастағы Аружан мен Жанель осы жарыстың басты атағы үшін таласады. Олардың алдында тайпей елінің өкілдері – апалы-сіңлілі Чо, И-Хсуан және Юи Тсен сынды "кедергілер" тұр. Соңғы матч 10 желтоқсанда өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді