Астанадағы әлем чемпионаты: Алтын Шагаева қола медаль үшін белдеседі
Сурет: UWW
Қазақстандық балуан Алтын Шагаева Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында отандасымыз Үндістан өкілі Манишаға есе жіберді.
Ертең, 30 қазанда, Алтын Шагаева қола медаль үшін белдеседі. Оның қарсыласы жұбаныш белдесулерінен кейін анықталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript