Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері Сантуш орнын босатты

Сурет: Instagram/portugal
Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш Португалия құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл ақпаратпен команданың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сантуштың басшылығымен португалдықтар 2022 жылғы әлем чемпионатында ширек финалға дейін барып, Марокко командасынан ұтылды (0:1). Еуро-2020 кезінде ұлттық құрама 1/8 финалға шықты, ол кезде де аз айырмамен Бельгиядан ұтылды, ал Ресейдегі Әлем кубогында тағы да 1/8 финалға жетіп, Уругвайға жол берген еді. Еуро-2016 турнирінде команда жеңіске жетіп, көрермендеріне керемет ойын сыйлап, нағыз қуанышты сәттерді бастан өткерген болатын. 

68 жастағы маман Португалия құрамасын 2014 жылдан бастап басқарып келді. Оның басшылығымен Португалия 2019 жылы УЕФА Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды.

Оқи отырыңызПортугалия құрамасының бас бапкері: Роналдуды өз жайына қалдырыңдар...


Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты