Марциняктың сөзін Sport.pl порталына сілтеме жасай отырып, Championat.com алға тартты.
"Финалда менің тарапымнан қате кетті. Маркос Акуньяның сәтсіз соққысынан кейін қарсы қақпаға лап қойған француздардың шабуылын кілт тоқтаттым. Ойынды бұзған футболшы бұл эпизодқа да кірігеді деп қорықтым, тағы бір жағынан жағдайды дұрыс бағаламадым, өйткені ештеңе болған жоқ, сондықтан француздарға артықшылық беріп, содан кейін ғана ойыншыға картаны көрсетуге болар еді. Әрине, ауыр жағдай. Осындай маңызды кездесуде осылай мен қателік жіберемін. Бірақ, ең бастысы, кездесу барысында аса үлкен қателіктерге жол берілген жоқ", - дейді футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты финалындағы ойынға бас төреші болған Марциняк.
Әлем чемпионатының алтын медалы үшін таласты додада Аргентина Франция құрамасын негізгі уақыттан кейінгі пенальти сериясында 4:2 есебімен жеңіп кетті (негізгі уақытта - 3:3).