Атақты қос спортшы елорда түрмесінде болып, спорттық іс-шараға қазылық етті

Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Елорданың №3 мекемесінде сотталғандар арасында "NS Жас Жігер" жобасы аясында ерекше спорттық іс-шаралар өткізілді. Оған төрт дүркін әлем рекордшысы Сергей Цырульник пен Street Workout Kazakhstan-ның негізін қалаушы Айтым Жақыпов қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы түзеу мекемесіне келген қонақтар спорттың 3 түрінен бағын сынаған жазасын өтеушілер өнеріне өз бағаларын берді. Арасында күш жаттығуларын көрсетіп, өмірінің күрделі кезеңіндегі ер азаматтарға қолдау көрсетті.


Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

"Армрестлинг, арқан тарту және гір көтеру бойынша жарысқа 56 жазасын өтеуші қатысып, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және Астана қаласы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп өткізілді".Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі


Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды