Иранның шахматшысы Қазақстандағы жарыста өз елінің заңын бұзып, басы дауға қалды

Сурет: Facebook/FIDE - International Chess Federation
Иранның шахматшы қызы Сара Хадем блиц бойынша әлем чемпионатына қатысқан болатын, алайда жарыс кезінде ол Иран билігі талап ететіндей хиджапта болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Golosameriki.com хабарлайды.

Халықаралық шахмат федерациясы Алматыда (Қазақстан) өткен жарыстардағы ойыншылардың фотосуреттерін жариялады. Соның ішінде Хадемнің шахмат тақтасына ойлана үңіле қарап отырған суреті де бар. Онда қыздың басы ашық, шашы иығына төгіліп тұр.

Хадем - жарысқа Иранның атынан қатысқан жалғыз бойжеткен. 

Иран қыз-келіншектерінің хиджаб кию мәселесі өз елдерінде соңғы айларда ушығып тұр. Иранның тәртіп полициясы қыркүйек айында ұлттық киімнің дресс-кодын бұзғаны үшін 22 жастағы Махса Аминиді ұстаған болатын. Ол қамауда көз жұмып, соған байланысты елде наразылық акциялары бұрқ ете түскен еді. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды