Өз қатарына Роналдуды тартып алған арабтар енді Мессиге ұсыныс жасап жатыр

Сурет: Instagram/leomessi
Сауд Арабиясының футбол әлемі тағы бір МЕГА жұлдызбен толығуы мүмкін. 2022 жылғы Әлем чемпионатының үздік ойыншысы, Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Криштиану Роналду өнер көрсететін әл-Насыр клубының басты бәсекелесі - әл-Хилалға келуі ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mundo Deportivo сайтының мәліметінше, Азиядағы әйгілі клубтардың бірі - "әл-Хилал" өз қатарына француздық "ПСЖ" және Аргентина құрамасының форвардын тартуға ниетті. Саудиялықтар 2022 жылғы мундиалдың ең үздік ойыншысына жылына 300 миллион доллар жалақы ұсынуға дайын. Сауд Арабиясы чемпионатында әл-Хилал өзінің басты бәсекелесі әл-Насырдың алдын осылайша орап өткісі келеді. Бірақ, кейбіреулердің пікірінше, Мессиді тарту - бұл, ең алдымен, өңірде футбол спортын насихаттау, одан кейін 2030 жылғы Әлем чемпионатында оған қол жеткізу үшін осылайша қам жасау.

Лионель Мессидің париждіктермен арадағы келісімшарты осы маусымның соңында аяқталады және ол өз мансабын қайда жалғастыратынын әлі жариялаған жоқ. Ал "ПСЖ" онымен арадағы келісімшартты ұзартуға ниетті.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты