Australian Open: атақ үшін күресті қазақстандықтардың қайсысы жалғастырады

Австралиялық Мельбурнде Үлкен Дулыға турнирінің бірінші аптасы, Australian Open жалғасуда, онда қазақстандық теннисшілер тамаша нәтижелер көрсетуде. Алайда, біздің барлық отандасымызға сәттілік бетін бұрған жоқ.

Александр Бублик Australian Open-дегі ойынын аяқтады. Испандық теннисші Алехандро Давидович-Фокинаға қарсы ойнаған шиеленісті бірінші айналымның матчында Бублик бес сеттің үшеуінде жеңіліп қалды. Қос разрядтағы ойын да сәттілікке ұласқан жоқ. Александр мен америкалық Джон-Патрик Смиттің тандемі турнирдің алғашқы жұбы – Нил Скупски мен Уэсли Коольхофтың шабуылына төтеп бере алмады. Нәтиже - 6:1, 6: 2 есебімен турнирдің басты фавориттерінің пайдасына өтті.

Қазақстандық Юлия Путинцева жұпсыз разрядтағы жарыстар желісі бойынша сәл әрі қарай ілгерілей алды. Алайда, Каролина Плишкова үшінші айналымға шығуға кедергі болды. Жұптық торға келетін болсақ, Юлия  күресті одан әрі қарай жалғастырады.

Жұптық разрядта Андрей Голубев пен Александр Недовесовтың ойын кездесуі сәтті өтті. Олар австралиялық дуэт – Ли Ту мен Дейн Суиниді еш қиындықсыз жеңді. Матч екі сетте 6:0, 6:2 есебімен аяқталды.

Елена Рыбакина "Үлкен Дулыға" турнирінің екінші чемпионы атағын алуды мақсат етіп отыр. Екі разрядта да қазақстандық спортшының матчтары сәттілікпен аяқталып келеді. Ертең Елена 2 ойын кездесуі күтуде. Жұпсыз разрядта Рыбакина американдық Даниэль Коллинзбен шайқасатын болады. Қыздар екі рет кездескен болатын: бірінші матчта АҚШ спортшысы жеңіске жеткен, ал екіншісінің нәтижесі қазақстандық теннисшінің пайдасына болған болатын.

Parimatch мамандары Рыбакин - Коллинз ойынының нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

Рыбакинаныңжеңісі - 1.78, Коллинздің жеңісі – 2.15

Parimatch-пен бірге үздік спорт іс-шараларынан жарқын эмоциялар алыңыз! Жаңа ойыншылар алғашқы толықтыруға 150 000 теңгеге дейінбонус алады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: