Елена Рыбакина WTA live рейтингінде 16-орынға көтерілді

Сурет: ktf.kz
Әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер арасындағы әлемдік рейтингінде өз көрсеткіштерін жақсартты. Ол әйелдер теннис қауымдастығының топ-20 live-рейтингіне кіріп, онда 16-орында тұр. Оның 1945 ұпайы бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена бұл нәтижеге Австралияның ашық чемпионатының 1/8 финалында планетаның үздік теннисшісі Ина Швентекті жеңгеннен кейін қол жеткізді.

Ол дәл сол сәттегі әлемнің бірінші ракеткасын бірінші рет жеңді. 

Енді Қазақстанның бірінші ракеткасын Латвиядан келген Елена Остапенко жартылай финалға шығу жолында күтіп тұр. Жекпе-жек 24 қаңтарға жоспарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды