"Тоттенхэм" мен "Челси" еш күмәнсіз сондай клубтар екені анық. Олардың арасындағы матчтар әрқашан керемет әсерге толы болып өтеді, кем дегенде көруге тұрарлық ойындардың бірі болады.
Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы ойынға болжамын жасады.
"Тоттенхэм"
Антонио Конте шәкірттері өткен турда Лондоннан келген көршілерін "Вест Хэмді" қабылдаған болатын, ол кездесу "шпорлардың" пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Итальяндық жаттықтырушысы әйтеуір дегенде шабуылды жасайтын ойыншыларды таңдау мүмкіндігіне ие болды және енді ол кез-келген шабуылшы комбинациясын қолдана алады: Кейн керемет дайындықта, ал Сон Хын Мин, Ришарлисон, Кулусевски, Данжума және Лукас Моура ойында команданың шабуылшылары болуға қалған екі орны үшін бәсекелесуге дайын.
Әрине, негізгі қақпашы Уго Льорис пен басты жартылай қорғаушысы Родриго Бентанкурдың ойынға қатыса алмайтындығы көңілді түсіреді, бірақ олардан еш кем түспейтін Фрейзер Форстер мен Оливер Скипп жоқ ойыншыларды алмастыра алады.
"Челси"
"Челси" жаттықтырушысының тегі туралы әзіл айтудан шаршадым, бірақ Грэм Поттер сиқырлы таяқшасыз немесе сиқырлы дуаларсыз жолы болмайтын сияқты көрінеді. Кейде "ақсүйектердің" Миланмен өткен матч сияқты ойындарда жолдары болмай қалып жатады. Бұл сәтсіздіктерді бір сиқырлы күштермен алып тастаса дұрыс болар еді деген ойлар да келеді.
Бірақ біздің әлемде сиқырға орын жоқ, сондықтан "Челси" тек көп жұмыс істеп, күндердің күнінде командадағы жағдай тұрақтанады, қоржындағы ұпайлар саны көбейеді деген мақсатты ұстану ғана қалады. Осы уақытта лондондықтар соңғы бес матчта жеңіске жете алмай келеді, тіпті соңғы турда өз алаңында чемпионаттың аутсайдері -"Саутгемптонға" жол беріп қойды.
Жеке кездесулер тарихы
"Тоттенхэм" 4-ші орында, ал "Челси" 10-шы орында тұрған турнир кестесіне қарап, "шпорлар" соңғы рет 2019 жылы "ақсүйектерді" жеңді деп айту қиынға соғады! Айта кету керек, сол 4 жыл бұрын өткен матчта соғылған жалғыз допты Харри Кейн өз есебіне жазған еді.
Матчқа болжам
Екі команданың да жағдайын ескере отырып, мен сіздерге матчқа ұтыс тігудің жақсы нұсқасын таптым. Parimatch-тегі достарым бұл оқиғаны 1.83-коэффициентімен бағалайды. Сонымен, мен келесі ұтыс тігуді ұсынамын – Ж1 Ф(0).
Parimatch мамандары ойын нәтижесіне мынадай болжам жасайды:
"Тоттенхэм" - 2.55, Тең ойын – 3.30," Челси " - 2.8