Фарух Тоқтасынов бокстан әлем кубогының жартылай финалына шықты

Фарух Тоқтасынов бокстан әлем кубогының жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2026 18:31 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының финалдық кезеңінде ширек финалдық жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

70 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Қырғызстан өкілі Ихтиер Нишоновпен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Тоқтасынов 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола жүлдені еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) турнирдің финалына шыққан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: