Карина Ибрагимова бокстан әлем кубогы кезеңінде Олимпиада жүлдегерін жеңді
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұрымды боксшымыз 57 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері У Ши Имен (Қытайлық Тайбэй) жұдырықтасты.
Карина алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Тіпті, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Даниял Сәбит (50 келі) жарысты аяқтаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript