Надежда Рябец Астанада бокстан өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Надежда Рябец (75 келіге дейін) 1/4 финалда Бразилия өкілі Вивиан Дос Сантос Перейрамен жұдырықтасты.
Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Надежда Рябец өзіне кем дегенде Әлем кубогының қола медалін қамтамасыз етті.
Бұған дейін Қазақстан спортшылары бадминтоннан Болгарияда өткен беделді турнирде қос қола медаль ұтқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript