Бокстан әлем кубогы: Надежда Рябец финалда қарсыласына жол берді

Бокстан әлем кубогы: Надежда Рябец финалда қарсыласына жол берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2025 21:08 Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында норвегиялық Суннива Хофстадпен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіс Норвегия боксшысына бұйырды.

Осылайша, Надежда Рябец (75 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) екінші нәтиже көрсеткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: