Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде алтыншы алтын медальды ел қоржынына салды

Милад Карими, Әлем кубогы кезеңі, алтыншы, алтын медаль, кермедегі жаттығулар, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2025 19:41 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің екінші финалында да жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Карими кермедегі жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Ол бағдарламасын сәтті орындап, төрешілердің шешімімен 14,466 ұпай жинады.

Мариос Георгиу (Кипр) 14,066 ұпаймен екінші орынды иеленсе, ал Ноэ Сейферт (Швейцария) 13,866 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Карими бұған дейін еркін жаттығуларда да топ жарған болатын. Ол жалпы есепте де Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Жалпы, оның қоржынында Әлем кубогында жеңіп алған алты алтын медаль бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: