Дюплантис таяқпен секіруден 6,22 метр биіктікті бағындырып, жаңа әлемдік рекорд орнатты

Сурет: Instagram/mondo_duplantis
Швед жеңіл атлеті Арман Дюплантис жабық ғимаратта өткен жарыста (таяқпен секіруден) жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Францияның Клермон-Ферран қаласының жабық аренасында өткен жарыста швед спортшысы таяқпен секіруде үшінші әрекетте 6,22 метр болатын биіктікті еңсерді.

Айта кету керек, бұл - Арман Дюплантистің алтыншы әлемдік рекорды. Ол ашық алаңдарда (6,21 м) және жабық ареналарда өткен жарыстардың (6,22) рекордсмені болып табылады. Бірнеше жылдан бері халықаралық аренада оның рекордын жаңғыртқан ешкім жоқ.

Швед жеңіл атлеті - 23 жаста, Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, сонымен қатар 2022 жылғы әлем чемпионы.


Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео