Астанадағы Әлем чемпионаты: Асыл Айтақын "қолаға" таласатын болды
Сурет: Сали Сабиров
Қазақстан құрамасының еркін күрес шебері Асыл Айтақын Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама ала алмады. Бірақ ол медальдан бәрібір үмітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз жартылай финалда Иран өкілі Ахмад Масуд Мохаммаднежаджаванмен белдесті.
Тартысты кездесуде ирандық балуан 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Асыл Айтақын елімізде өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль үшін күресетін болды.
Бұған дейін дзюдошы Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript